Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 157 Қаулысы (күші жойылды)

 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 157 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 954 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 19 наурыздағы

№ 157 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 20 шiлдедегі

№ 754 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы)

 құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының

тізбесі

 

1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:

1) шина-былғары қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi);

жаңа технология бойынша қол протезi (иық протезi, білек протезi, саусақ протезi);

2) шина-былғары жілiншiк протезi;

жаңа технология бойынша (модульдік) жіліншік протезі;

силикон қабы бар жіліншік протезі;

3) шина-былғары жамбас протезi;

жаңа технология бойынша (модульдік) жамбас протезі;

4) омырау бездерінiң протезi;

5) аппарат, тутор;

6) таяқ: бір тіреулі және көп тіреулі;

7) балдақ: бір тіреулі шынтақ, көп тіреулі шынтақ, қолтық асты;

8) жетек арба: сал ауруы бар балаларға арналған, жетек арба (қадамсыз, қадамдық, дөңгелекті), қосымша тіреуі бар жетек арбалар;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку