Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 бұйрығы

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 бұйрығы

 

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

 

Б. Асылов

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокуроры

2023 жылғы 7 ақпандағы

№ 55 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің

қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін реттейді.

Осы Қағидалардың күші «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызмет өткеретін әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку