Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕ...

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 Қаулысы

(2019.13.06. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2017 жылғы 24 тамыздағы

№ 502 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.

2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын;

2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындауды;

3) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын;

4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеудi қамтиды.

 

 

2-тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуболжамының жобасын әзiрлеу

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку