Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі№ 280 бұйрығына 4-қосымша) (2019.06.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 280 бұйрығына

4-қосымша

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 370 бұйрығымен күші жойылды

 

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.06.09. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Қаржы министрінің 2017.02.06. № 364 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Қаржы министрінің 2017.02.06. № 364 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.06.09. № 970 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

куәлікті беру - 5 (бес) жұмыс күні;

куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции