«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 970 бұйрығы (2020.09.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 970 бұйрығы
(2020.09.04. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәсiби ұйымдар «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы аккредиттеу жүргізу үшін мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кәсіби ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуын;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын;
3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесін ұсынады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сертификаттау жөніндегі ұйым басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Аккредиттеуге ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Демо – версия документа