(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
(2021.18.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі №788 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №19, 165-құжат).
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 11-і.
№ 167
Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың
ЖАЛПЫ СТАНДАРТТАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары (бұдан әрі - Жалпы стандарттар) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың халықаралық стандарттары ескеріле отырып, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік аудит туралы заң) 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Редакция документа
Демо – версия документа