«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына және «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы
«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына және «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:
21-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қаулы жобасын қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарын бағалау;».
Демо – версия документа