«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығы (2025.27.05. берілген өзгерістермен)
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығы
(2025.27.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 3 шілдедегі
№ 448 бұйрығымен
бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ережеге сәйкес әзірленді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындайды.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары (бұдан әрі - қаулылардың жобалары);
Демо – версия документа