«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығы (2020.22.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығы
(2020.22.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік оның көшірмесін баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы ____ _______
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 751 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Демо – версия документа