(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 Қаулысы
(2022.02.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 931 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 192-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламентінде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).»;
Редакция документа
Демо – версия документа