(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.12.2008 № 1345 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысы
(2013.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы»;
кіріспедегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында» деген сөздер «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары, 3-тармақ алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 543-құжат):
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа