«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысы (2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысы
(2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 780 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2022.31.08. № 630 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы
басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда (бұдан әрі - ұйымдар) құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2020.30.11. № 809 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа