(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017 - 2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 Қаулысы
(2017.06.02. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2017 жылға мынадай:
1) кірістер - 7 896 666 810 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 4 221 075 201 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 113 719 851 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 439 793 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3 558 431 965 мың теңге;
2) шығындар - 8 208 313 622 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 182 302 917 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 265 919 713 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 83 616 796 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 84 132 714 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 87 032 714 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 900 000 мың теңге;
5) тапшылық - -578 082 443 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 1,2 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 578 082 443 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;
Редакция документа
Демо – версия документа