«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығы (2024.30.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығы
(2024.30.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.16.04. № 143/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.31.07. № 456/НҚ бұйрығымен (2024 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары;
2) ғарыш объектілері тіркелімінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
Демо – версия документа