«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 487 бұйрығы
«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 487 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 487 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 26 шілдедегі
№ 273 бұйрығымен
бекітілген
Демо – версия документа