Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 мамырдағы № 394 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 мамырдағы № 394 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережеде:

9-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«9) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағым жасау жөнінде осы Үлгі ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық білдіру туралы өтінішхатпен жүгіну;

10) осы Үлгі ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, құрылымдық бөлімшелермен бірге сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және тиісті лауазымды тұлғаға ұстанымды енгізу.»;

Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 18 мамырдағы

№ 394 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасының

орталық және жергілікті

атқарушы органының заң

қызметi туралы үлгі ережеге

қосымша

 

 

Сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау алгоритмі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку