«Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығы (2022.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Уәкілетті кеден органдарының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығы
(2022.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2022.24.01. № 80 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына, 46-бабының 1-тармағына, 466-бабының 6-тармағына және 468-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті кеден органының кедендік сараптаманы жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6387 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтары тізбесінің 2-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев)заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Демо – версия документа