Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 108-890 Қаулысы

Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 108-890 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 31) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2. «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім

Ә. Жақсыбеков

 

Астана қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 4 мамырдағы

№ 108-890 қаулысымен

бекітілген

 

 

Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру тәртібін айқындайды.

2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку