(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2013.03.12 № 8/62...
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың хаттамалары мен нұсқамаларының нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/624 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) өсімдіктерді қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың хаттамалары мен нұсқамаларын жасау және шығару қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (А.Е. Қаджыбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 8/624 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі/
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан
_____________________________________________________________________________________________________
өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері/
территориальное подразделение уполномоченного органа в области защиты растений
_____________________________________________________________________________________________________
пошталық мекенжайы, телефон, телефакс/почтовый адрес, телефон, телефакс
Өсімдіктерді қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
хаттама/Протокол
Редакция документа
Демо – версия документа