Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Астанақалалықжолзертханасы» және «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемелерін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 388 Қаулысы (2018.29.12. берілген өзгерістермен)

«Астанақалалықжолзертханасы» және «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемелерін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 388 Қаулысы

(2018.29.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Астанақалалықжолзертханасы» және «Алматықалалықжолзертханасы» республикалық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласының (аясының) басқару жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалсын.

3. Мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 30 маусымдағы

№ 388 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции