(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІРЫҢҒАЙ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» Қ...
Бірыңғай индустрияландыру картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 534 бұйрығы
(2023.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бірыңғай индустрияландыру картасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Министр | Қ. Өскенбаев |
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.30.06. № 477 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.03.08. № 558 бұйрығымен (бұр.ред.қара) карта өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 534 бұйрығына
қосымша
Бірыңғай индустриаландыру картасы
№ т/т | Жоба атауы | Жоба бастамашысы | Аймақ | Қуаттылығы | Іске асу мерзімі | Жауапты орган |
1 | Болат өндірісін жылына 5 млн тоннаға дейін ұлғайту | «АрселорМиттал Теміртау» АҚ | Қарағанды облысы | жылына 5 млн.тонна болат | 2022 жыл | ҚР ИИДМ |
2 | Интеграцияланған газ-химия кешенін салу (бірінші фаза) | «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»ЖШС, «АЛМЭКС ПЛЮС фирмасы» ЖШС | Атырау облысы | жылына 500 мың тонна полипропилен | 2022 жыл | ҚР ЭМ, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісу бойынша) |
3 | Интеграцияланған газ-химия кешенін салу (екінші фаза) | «KLPE» ЖШС | Атырау облысы | жылына 1 250 мың тонна полипропилен | 2025 жыл | ҚР ЭМ, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісу бойынша) |
Редакция документа
Демо – версия документа