Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 502 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

1) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Президентi

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы маусымның 21-і.

 

                        502

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2017 жылғы 21 маусымдағы

№ 502 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

 

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

11-тармақтың 3), 8-2) және 8-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;»;

«8-2) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу;

8-3) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;»;

12-тармақта:

11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) заңнамамен белгіленген тәртіпте қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

«18-1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетуде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көмек көрсетеді;»;

27-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«27-2) құпия;»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку