«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 1029 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) қызмет бабында пайдалану үшін;
2) «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже осы Жарлықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Аппарат
Қылмыстық қудалау қызметі
Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі
Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі
Арнайы прокурорлар қызметі
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі
Кадрларды дамыту департаменті
Ішкі тергеп-тексеру департаменті
Стратегиялық дамыту департаменті
Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті
Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті
Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаменті
Қаржы департаменті
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
Ішкі аудит басқармасы
Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы»;
сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 3 қазан
№ 1029
Президентінің
2022 жылғы 3 қазандағы
№ 1029 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Демо – версия документа