(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 12 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 922 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 922 қаулысы
(2004.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 922 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 маусымдағы № 878 қаулысына:
3-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Табиғи ресурстар және» деген сөздер алынып тасталсын, «қоршаған» деген сөз бас әрiппен жазылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық iс-қимыл жоспарында:
құжаттың мәтiнiнде пайдаланылған қысқартулардың тiзбесіндегі мынадай жолдар:
«ДСА - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi
AЭК - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi
ТОҚМ - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ЭИСМ - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа