Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 839 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 839 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.К. Баймұқашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер Министрі

 

Е. Тургумбаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер Министрінің

2020 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 839 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген):

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку