(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АВТОЖАНАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ...
Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығы
(2016.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.28.06. № 344 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2016.28.06. № 344 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;
2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны;
3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2016.28.06. № 344 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Редакция документа
Демо – версия документа