«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 604 бұйрығы
«Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 604 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 97-бабының 2, 7-тармақтарына, 100-бабының 2-тармағына, 101-бабының 7-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Демо – версия документа