«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім беру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 134 бұйрығы (2023.12.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім беру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 134 бұйрығы
(2023.12.02. берілген өзгерістермен)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабына және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Қ. Қожамжаров |
Бас Прокурорының
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
Демо – версия документа