Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 213 шешiмi

Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXII сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 213 шешiмi

 

«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 18) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейкамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласы

мәслихатының төрағасы

 

С. Канкуров

 

Алматы қаласы

мәслихатының 2023 жылғы

17 қаңтардағы № 213 шешіміне

қосымша

 

 

Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 3-бабының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының аумағында бейнебақылау жүйелерінің меншік иелерінің келісімі болған жағдайда азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) Алматы қаласының бірыңғай бейнемониторинг жүйесі - қалалық міндеттерді шешу үшін бейнеаналитиканы қалыптастыру функцияларын іске асыратын, Алматы қаласы бойынша бейнекескіндерді жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін және ақпараттық жүйе;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку