(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ҚАҒИДАЛ...
Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығы
(2018.28.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 290 бұйрығына қосымша
Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру
қағидалары
ҚР Қаржы министрінің 2018.28.03. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру тәртiбiн белгiлейдi.
ҚР Қаржы министрінің 2018.28.03. № 411 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа