(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫНА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ» М...
«Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 439 бұйрығы
(2018.19.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа