«Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 Қаулысы (2025.05.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 Қаулысы
(2025.05.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025.21.01. № 17 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2025.21.01. № 17 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік» және «Техникалық байқаудың халықаралық сертификаты» екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдау бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып;
2-1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Теміржол және су көлігі комитеті:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып;
Демо – версия документа