«Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 207-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 207-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-бабының 119) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін енгізу және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 214-НҚ бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32569 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа