Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 879 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 59-бабының 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссияның ережесі және жұмыс тәртібі;

2) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 19 мамыр

 

№ 879

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2025 жылғы 19 мамырдағы

№ 879 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның
ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені және жұмыс тәртібін басшылыққа алады.

3. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку