(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019 – 2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...
«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 Қаулысы
(2019.21.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.21.02. № 83 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2019 жылға мынадай:
1) кірістер - 9 631 121 733 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 661 306 420 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 117 751 450 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 6 884 960 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 2 845 178 903 мың теңге;
2) шығындар - 10 335 045 772 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 143 838 857 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 260 817 717 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 116 978 860 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 131 269 962 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 131 269 962 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -979 032 858 мың теңге немесе елдің iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 419 670 858 мың теңге немесе елдің iшкi жалпы өнiмінің 6,9 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 979 032 858 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);
Редакция документа
Демо – версия документа