«Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 336 Қаулысы
«Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 336 Қаулысы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Қорқыт Ата» АЭА) 2049 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қорқыт Ата» АЭА туралы ереже;
2) «Қорқыт Ата» АЭА нысаналы индикаторлары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 14 мамырдағы
№ 336 қаулысымен
бекітілген
«Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Қызылорда облысының аумағында Қызылорда қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі мен «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының айналма жолының маңында осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекарада орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы 550 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
1) өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, көрсетілетін қызметтерді ұсынудың жаңа сапалық деңгейін қалыптастыру, экономика салаларына және өңірге инвестициялар тарту, жаңа технологиялар ендіру, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;
2) өңірдің туристік әлеуетін көтеру және қазақстандық және шетелдік келетін туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту;
Демо – версия документа