Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.14.03 № 162 ҚАУЛЫСЫ

2006 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 162 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 15-бабын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2006 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, нысаналы ағымдағы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

3. Жергілікті атқарушы органдар:

1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар берілуін және ымдау тілі мамандары, жеке көмекшілер қызметтерінің көрсетілуін;

2) ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне нысаналы ағымдағы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку