(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАРДЫ ЖӘН...
Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығы
(2023.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2016.27.12. № 720 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.13.07. № 338 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.08. № 256 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 66) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2016.27.12. № 720 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.13.07. № 338 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Мыналардың:
Редакция документа
Демо – версия документа