(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.08.05 № 596 ҚАУЛЫСЫ
Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Yкіметінің
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 596 қаулысымен
бекітілген
Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін,
медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайда, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрі - ғарышкерлікке кандидат) - алдын ала іріктеуден өткен және ғарышкер біліктілігін алу үшін даярлыққа жіберілген Қазақстан Республикасының азаматы;
Редакция документа
Демо – версия документа