(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ БИЛІГІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМА...
Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысы
(2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 8 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 8 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Сот төрелігін жүзеге асыру барысында судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормаларды сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерінде Республикада сот билігінің мемлекеттік билік тармағы ретінде басқа заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасайтын туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) ережелеріне жүгінуге тиіс екендіктеріне соттардың назары аударылсын.
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 8 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Конституцияның 4-бабы 4-тармағының талабына сай, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты жарияланбаған нормативтік құқықтық актілерді қолдануға және өз шешімдерін онымен негіздеуге соттардың құқығы жоқ. Сондықтан сот істі қарау барысында қолдануға жататын нормативтік құқықтық актінің жарияланғаны туралы фактіні тексеруге міндетті.
Редакция документа
Демо – версия документа