Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ПЛЕНУМЫНЫҢ 1998.14.05. № 1 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысы

(2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 8 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 8 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Сот билігін жүзеге асыру барысындағы судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылай келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының, заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, негізінен, сақталатынын атап өтеді.

Сонымен қатар, сот билігі туралы заңдарды қолдану тәжірибесінде кейбір кемшіліктер бар. Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі принциптерін бұзу жағдайлары кездеседі. Судьялардың тәуелсіздігін сақтау, турасында мемлекеттік биліктің атқарушы тармақтары органдарының қызметтерінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен соның негізінде қабылданған заңдардан алшақтауға орын берушілік бар. Республика судьялары өздеріне берілген тәуелсіздікпен қамтамасыз етілу өкілеттілігін толық пайдаланбайды, сот қызметіне араласу және сотты құрметтемеу фактілеріне заң бойынша әр кез көңіл бөле бермейді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерінде Республикада сот билігінің мемлекеттік билік тармағы ретінде басқа заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасайтын туралы Конституция ережелеріне жүгінуге тиіс екендіктеріне соттардың назары аударылсын.

ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 8 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку