«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы (2023.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы
(2023.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 261 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2021.14.01. № 14 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2022.22.10. № 832 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
Демо – версия документа