(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛ...
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысы
(2017.13.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;
2) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2017.13.07. № 427 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2017.13.07. № 427 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 597 қаулысымен
бекітілген
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру
қағидалары
1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.
2. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейдi.
Редакция документа
Демо – версия документа