Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бұйрығы

«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9957 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 (28537) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ұлттық оператор уәкілетті органға:

1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау көлемдері туралы мәліметтерді және тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей;

2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде сатып алынған шикі және тауарлық газ көлемдері туралы мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей;

3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамы жөніндегі мәліметтерді жыл сайын, жоспарланатын кезең басталғанға дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку