«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығы (2023.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығы
(2023.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2018.14.09. № 373 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2018.14.09. № 373 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.27.05. № 191 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2018.14.09. № 373 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитетінің төрағасы
Ә.Смайлов
____ ________ 2014 жыл
Демо – версия документа