(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 шілдедегі № 90-ө өкімі
Осы редакция 2019 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 26 шілдедегі
№ 90-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, әзірлеу мен енгізудің уақтылығына жауапты адам |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|
Редакция документа
Демо – версия документа