(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.24.06 № 705 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 705 Қаулысы
(2016.03.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 705 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 265 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, төраға; |
көрсетілген құрамнан Жанар Сейдахметқызы Айтжанова шығарылсын.
3. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов Қайрат Нематұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, |
Камалиев Берік Сайлауұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;
|
Редакция документа
Демо – версия документа