«Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығы (2023.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығы
(2023.27.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2022.30.11. № 982 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.30.11. № 110 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Әділет министрінің 2023.13.11. № 812 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.14.11. № 176 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мына:
1) нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) ҚР Әділет министрінің 2022.30.11. № 982 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.30.11. № 110 бірлескен бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ҚР Әділет министрінің 2022.30.11. № 982 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.30.11. № 110 бірлескен бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
Демо – версия документа