«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 382 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 382 Қаулысы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағындағы жалпы алаңы 136367,5 гектар босалқы жерлер және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің Тау-Дала филиалы Үржар орманшылығының (бұдан әрі - орманшылық) жалпы алаңы 7183 гектар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлері мекемеге Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалануға берілсін.
3. Мекеменің Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағындағы жалпы алаңы 136367,5 гектар жер учаскелері босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар және орманшылық аумағындағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
Демо – версия документа