Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Республикалық терминология комиссиясы туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 105 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Республикалық терминология комиссиясы туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 105 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Республикалық терминология комиссиясының құрамын өзектендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Республикалық терминология комиссиясы туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Республикалық терминология комиссиясының көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрі

 

С. Нұрбек

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары

білім министрінің

2025 жылғы 12 наурыздағы

№ 105 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары

білім министрінің

2024 жылғы 18 наурыздағы

№ 116 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Республикалық терминология комиссиясының құрамы

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку